Электр желілерін жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

421

0

Фото: Сырдария ауданы әкімдігі

Сырдария ауданында электр желілері өткен ғасырдың 60-70 жылдарында салынған. Жалпы тозығы жету деңгейі 70%-ды құраған еді.

2023 жылы ел өміріне қажетті электр желілерін жаңғырту мақсатында«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері», «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламалары аясында 1,8 млрд. теңге қаржы бөлініп, ауданға қарасты Айдарлы, Аманкелді, Жетікөл, Қоғалыкөл елді мекендерінің электр бағаналары мен желілері, трансформаторлар толық 100 пайыз жаңартылды.

Жаңғырту жұмыстары барысында көше жарықтары да толық орнатылды.

Электр желісінің тозуы бойынша Сырдария ауданындағы ең ірі елді мекен, 5000-ға жуық тұрғындары бар Шаған ауылында да үлкен проблемаға айналған болатын. Сонымен бірге, Қалжан Ахун ауылында да тұрғындармен кездесу барысында бірнеше мәрте желілердің ескіргені көтерілген еді. Биыл облыс әкімі Н.Нәлібаевтың қолдауымен тиісті қаржы қарастырылып, бұл елді мекендердің электр желілерін ауыстыру жұмыстары бастау алуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<