Энергетика вице-министрімен кездесті

618

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетовпен кездесті. Басқосуда «Қызылорда жылу электр орталығы»,  аймақты электр қуатымен қамту мәселелері талқыланды.

Аймақ басшысы Сыр елінде энергетика саласында атқарылып жатқан кешенді жұмыстар барысын таныстырды.

Басқосуда аймақта жаңа жылу электр станциясын салу мен газтурбиналық электр станциясын қайта жаңғырту мәселесі сөз болды. Облыс әкімі бұл маңызды жұмыстардың уақыт күттірмей шешілуі қажет екенін айтты.

Вице-министр облысты қажетті қуат көздерімен қамту жұмыстарының маңызына тоқталып, осы бағытта бірлесіп жұмыс жасауға мүдделі екенін жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<