Энергия үнемдеу: Жол картасы бекітілді

512

0

Энергияны шекті мөлшерде тұтыну – экономикалық тиімділікке оң әсерін тигізеді. Осыған орай, облыста энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша 2022 жылға арналған жол картасы бекітіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Мұстафаев айтты.

– Биыл облыста көше жарықтандыру шамдарын ауыстыру мақсатында 4 жоба жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта 2 жоба толық аяқталып, 614 энергия үнемдегіш шам орнатылды. Сонымен қатар, осы жылы республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа 15 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізілді. Ал Жаңақорған кентінің электр желілерін қайта жаңғырту үшін арнайы қаржы бөлініп, қуаттылығы 10/0,4 кв болатын электр желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Нақты кезеңде басқарма «Алматы проект энергострой» ЖШС-мен Шиелі кентіндегі электр станциясын қайта жандандыру туралы жоба-сметалық құжаттама әзірлеуде, – деді ол.

– Біздің мекеменің басты міндеті – облыс тұрғындарын үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету. 2020 жылы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша аудит жүргізілген болатын. Осыған сәйкес, 2026 жылға дейін арнайы жоспар бекітілді. Бүгінде «Қызылорда электр тарату тораптары» компаниясы 11,95 кабельдік желілерінің 90 пайызы жөндеуден өтсе, мекемеге соңғы заманауи вакуумдік ажыратқыштар орнатылды, – деді «Қызылорда электр тарату тораптары» АҚ Даму жөніндегі басқарушы директорының міндетін атқарушы Нұржан Күздібаев.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<