Эпизоотиялық ахуал тұрақты

455

0

Былтыр облыста эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында14 түрлі жұқпалы ауруға 6 мыңға жуық ветеринариялық препарат жеткізіліп, алдын ала егу жұмыстары жүргізілген.

– Қазір республика бойынша 299 елді мекен аса қауіпті 20 түрлі аурудың қолайсыз ошағы ретінде тіркеліп отыр. Алайда біздің өңірімізде эпизоотиялық жағдай тұрақты деп бағалануда. Биыл жұқпалы ауруларға қажетті 6973,5 мың доза ветеринариялық препаратқа тапсырыс берілді. 2023 жылға арналған жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жоспары бекітілді. Осы жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар ақпан айында басталады. Үстіміздегі жылдың 1-жарты жылдығында 3830,8 мың доза, 2- жарты жылдықта 3142,7 мың доза егілетін болады  – деді облыстық ветеринария басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев.

Сонымен қатар, өткен жылы  облыс әкімінің қолдауымен ветеринариялық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жаңарту үшін  140 термочемодан және 140 компьютер жиынтығы сатып алынды. Ал биыл 30 арнайы автокөлік, 23 термочемодан, 23 компьютер жиынтығын сатып алуға қаражат қаралған.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<