Эпизоотиялық тұрақтылық аса маңызды

729

0

Кеше облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықоваға облыстық ветеринария басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаевты қабылдады. Онда саладағы негізгі мәселелер сөз болып, алдағы міндеттер пысықталды.

Өткен жылы өңірде ауыл шаруашылығы жануарлары арасында ауру ошақтарын болдырмау, алдын алу, эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында аса қауіпті жұқпалы ауруларға республикалық бюджет есебінен бөлінген ветеринариялық препараттар толық тасымалданып, егу жұмыстары жүргізілген. Биыл 14 түрлі эпизоотиялық іс-шараларды ұйымдастыру үшін жұмыс жасалады.

Ал, ірі қара, жылқы, түйенің энзоотиялық ауруларына қажетті 625,1 мың доза препарат алынып, алдын ала егілген.  Малды сырғалау жұмыстары да басталып кетті.

Шахмардан Қойшыбаевтың айтуынша, мал ауруларын болдырмас үшін ветеринар мамандар әрбір ауылды аралап, диагностикалық жұмыстарды жүргізіп  жатыр. Әсіресе, мал шығынын алдын болдырмау үшін шаруашылықтың иелерімен байланыс жасалуда. 

Ветеринариялық қызмет түрлерін уақытылы көрсету үшін мамандардың шалғай ауылдарға қатынауы да оңай емес. Бұл мақсатта өткен жылы 15 қызметтік автокөлік берілсе, биыл 30 автокөлік сатып алынады. Қазіргі бірдейлендіру жұмыстарының дерекқор жүйесін сапалы енгізу үшін 140 компьютер және 140 термочемодан алынатын болады.

Аймақ басшысы эпизоотиялық тұрақтылықты сақтауда барлық іс-шараларды тиімді үйлестіру қажеттігін ескертті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<