Қызылорда «Болашақ» университетіндегі ғылым жылы аясында «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институтының директоры, саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор М.Ө.Насимов Қызылорда «Болашақ» университетінің құқықтану және қоғамдық пәндер кафедрасының профессор-оқытушыларына «Этникалық бірегейлікті талдаудың аксиологиялық тәсілдері» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама материалдарының нәтижелері кафедра профессорының Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландырып отырған «Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі этникалық азшылықтардың этникалық бірегейлену үдерістерін кросс-мәдени және аксиологиялық талдау» ғылыми жобасы аясында жүзеге асты.
Баяндамашы ең алдымен аксиология ұғымына тоқталып, құндылықтарды философиялық зерттеудің іргелі түсініктерін анықтады. Осы контексте этникалық бірегейлікпен байланысты құндылықтарды зерттеудің аксиологиялық тәсілдерінің негізгі ерекшеліктері белгілі болды. Адам құндылықтары, ұстанымдары мен саяси-мәдени қағидаларының этникалық бірегейлік түсінігін қалыптастырудағы рөліне мән берілді. Ғалым этникалық бірігейлік тұжырымдамасын талдап, этникалық бірігейлікті мәдени мұра, тіл, дәстүр және ортақ тиесілілік сезімі секілді факторларды қамтитын күрделі құрылым екенін айтты. Этникалық бірегейліктегі құндылықтарды саяси, мәдени, әлеуметтік және тарихи аспектілерді қоса алғанда, этникалық бірегейлікті қалыптастырудағы әсерін зерттеудің маңыздылығы да сөз болды.
Ғалымның пайымдауынша, этникалық бірегейлікті зерттеу және оны талдау түрлі көзқарастар мен тәсілдерді қамтитын пәнаралық сала болып табылады. Талданған ғылыми жұмыстарда этникалық бірегейлік бойынша аспектілердің түрлі факторлармен байланыстыруға болады. Түрлі контекстте жүргізілген зерттеулер этникалық бірегейлікті қалыптастыратын күрделі динамика мен факторларды түсінуімізге ықпал жасайды. Бұл тұжырымдар мен идеялар этникалық бірегейліктің әлеуметтік бірлік, саяси қатысу және ұлттық құрылысқа әсерін талдауда тарихи, әлеуметтік, экономикалық және саяси факторларды ескерудің маңыздылығын көрсетеді.
Этникалық бірегейлікке аксиологиялық көзқарастар туралы баяндама жеке тұлғаны қалыптастырудың көп өлшемді табиғатын тереңірек түсінуге ықпал етті, азаматтардың этникалық қауымдастықтармен байланысының негізінде жатқан құндылықтарды дәйектеді. Баяндамада айқындалған тұжырымдар көпмәдениетті қоғам контекстінде өте маңызды, түрлі бірегейліктерді тануға және мәдени өзара түсіністікке ықпал етеді.
«Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<