Jibek Joly телеарнасында жаңа басшы

691

0

Jibek Joly телеарнасының директоры болып Еркежан Күнтуған тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еркежан Күнтуған Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Павлодардағы «Білім» газетінің редакторы, «Еуразия» бірінші арнасы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының продюсері, «Atameken Business Channel» телеарнасының аға продюсері, бас продюсерінің орынбасары болып жұмыс істеді.

2020-2021 жылдары «Еуразия» бірінші арнасының бағдарламалық бөлімінде шеф-редактор, кейін осы телеарнаның креативті продюсері болды.

Jibek Joly телеарнасының директоры лауазымына тағайындалғанға дейін «ҚР Президенті телерадиокешені» КеАҚ креативті директоры қызметін атқарды.

Айта кетейік, көрерменге QazaqTV деген атпен танымал болған телеарна 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап Jibek Joly атауымен хабар тарата бастады. Арнаның мазмұны қоғамдық-саяси оқиғалар мен қоғамды толғандыратын мәселелерді, мәдени және спорттық жаңалықтарды түгел қамтиды.

HotBird 13B, Galaxy 19, Yamal 401 90° (FSU), Türksat 3A, KazSat 3 (Қазақстан) және MEASAT 3A спутниктері арқылы жаңа «Silk Way» брендін иеленген телеарна бүгінде 118 елдің көрермендеріне 5 тілде – қазақ, орыс, ағылшын, өзбек, қырғыз тілдерінде контент ұсынады. «Jibek Joly» ұлттық телеарнасының және оның «Silk Way» спутниктік нұсқасының бүкіл әлемдегі аудиториясы қазір 300 миллионнан асады. 2022 жылдың аяғына қарай ұлттық спутниктік телеарна Қырғыз Республикасында хабар тарата бастады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<