Юлия Путинцева әлемдік рейтингіде 34-орынға көтерілді

2029

0

Фото: ашық дереккөз

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингіні жария етті.

Алғашқы үштікте ешқандай өзгеріс болған жоқ. Польша өкілі Ига Швентек көш бастаса, америкалық Кори Гауфф екінші, белоруссиялық Арина Соболенко үшінші орында.

Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Елена Рыбакина төртінші сатыда қалса, кеше Бирмингемде чемпион атанған Юлия Путинцева 41-ден 34-ке көтерілді.

Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина 53-сатыда тұр.

Е.Рыбакина Истбурн (Ұлыбритания) WTA 500 турнирінде бірінші ракетка болып тіркелген. Ол екінші айналымда әлемнің 37-ракеткасы, чехиялық Мария Боузкова немесе рейтингіде 105-орындағы ұлыбританиялық Харриет Дарттың жеңгенімен кездеседі.

Ю.Путинцева Бад-Хомбург (Германия) WTA 500 жарысының алғашқы айналымында әлемнің 59-ракеткасы, америкалық Питон Стирнспен шеберлік байқасады. А.Данилина қытайлық Сюй Ифаньмен бірге осы доданың ширек финалына өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<