Қызылордада кадрлық өзгеріс

1519

0

Қызылорда қаласының әкімі Ғанибек Қазантаевтың төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте кадрлық тағайындаулар таныстырылды.

Алдымен бұған дейін қала әкімінің кеңесшісі қызметін атқарып келген Шаймағанбетов Әмірбек Бердібекұлы басқа қызметке ауысуына байланысты өз лауазымынан босатылған болатын. Қала әкімі әріптестерінің арасында зор абырой мен беделге ие болған, Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына лайықты үлес қосып, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын сақтай білгені үшін Әмірбек Бердібекұлын қаламыздың ең жоғарғы марапаты «Құрмет грамотасымен» марапаттап, сәттілік тіледі.

Қызылордада кадрлық өзгеріс

Осы кезге дейін Қызылорда қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы лауазымын абыроймен атқарып келген Намазбаев Руслан Бауыржанұлы қорғаныс саласында еңбек сіңірген жылдарына орай зейнетке шығуына байланысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, Қарулы күштер бас штабы бастығының 2021 жылғы 4 маусымдағы бұйрығымен өз лауазымын тоқтатты. Руслан Бауыржанұлы қаламыздың қорғаныс істері саласына өзінің сүбелі үлесін қосып, жоғары нәтижелер көрсете білді. Жас ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелеу, олардың патриоттық рухын ояту жолында аянбай жұмыс жасағаны үшін Руслан Бауыржанұлы қала әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.2021 жылғы 2 маусымнан бастап Асқар Айдос Асқарұлы қалалық мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды

Қызылордада кадрлық өзгеріс

.Айдос Асқарұлы 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді. 2009 жылы Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін «Көлік, көлік техникасы және технологиясы» мамандығы, 2011 жылы «Ақмешіт» гуманитарлық техникалық университетін «Қаржы» мамандығы, 2019 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2010 жылы облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының инспекторы ретінде бастаған.2010-2014 жылдары облыстық жұмылдыру дайындығы, құрылыс, ауылшаруашылығы басқармаларында бас маманы, 2014-2019 облыстық жастар саясаты, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мемлекеттік сатып алу басқармаларының бас маманы, бөлім басшысы, 2019 жылдан осы уақытқа дейін қалалық мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарып келген.

Қызылордада кадрлық өзгеріс

2021 жылғы 8 маусымнан бастап «Қызылорда тазалығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры қызметіне Құлмағанбетов Талғат Бекмұрзаұлы тағайындалды.Талғат Бекмұрзаұлы 1977 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді. 2006 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Тасымалдауды және жол қозғалысын ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2006 жылы «Көркейту» мекемесінің инженері ретінде бастап, 2007-2009 жылдары осы мекеменің абоненттік бөлімінің басшысы, бас инженері қызметтерін атқарған.2009-2012 жылдары «Қызылорда қызмет сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, 2013 жылы «Тұрғын үй Қызылорда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары, 2013-2017 жылдары «Қызылорда тазалығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас инженері, директоры, 2017-2018 жылдары қалалық коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, 2018-2019 жылдары «Қызылорда тазалығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, 2019-2020 жылдары «Мелиоратор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас инженері, 2020 жылдан осы кезге дейін «Қызылорда автобус паркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас инженері қызметін абыроймен атқарған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<