Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқықтарын қорғау жөнінде комиссия отырысы өтті

620

0

Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлының төрағалығымен кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия отырысы өтті.

Комиссия отырысының күн тәртібіндегі бірінші мәселе «Төретам кенті әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның атқарған жұмыстары» туралы Төретам кентінің әкімі Елеусінов Ғалымжан Тәжмағанбетұлы баяндама жасады.

Екінші мәселе «Жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайы туралы» аудандық білім бөлімнің қамқоршылық қорғаншылық функцияларын жүзеге асыратын органының бас маманы Сарымсақов Нұрхан Ұзақбайұлы мен үшінші мәселе жасөспірімнің қатысуымен орын алған жол көлік оқиғасы бойынша аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Жандарбеков Ермек Айтбекұлының баяндамалары тыңдалды.

Мәжіліс соңында аудан әкімінің орынбасары Ж. Ерқосаев комиссия мүшелерінің қозғалған мәселелер жайлы ұсыныс-пікірлерін тыңдап, алда атқарылатын жұмыстар бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<