Кәмелетке толмағандардың ісі қаралды

527

0

Фото: Қала әкімдігі

Қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаевтың төрағалығымен Қызылорда қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссияның күн тәртібінде 3 мәселе қаралып, ата-аналық мiндеттерiн орындаудан жалтарып, олардың құқықтарын теріс пайдалануына байланысты ата-аналық құқықтарын шектеу, профилактикалық есепте тұрған қолайсыз отбасындағы балалар және олардың ата-аналарымен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәселелер талқыланды.

Комиссия төрағасы Дархан Есалыұлы кәмелетке толмағандардың профилактикасын күшейту мақсатында сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Комиссия тарапынан кәмелетке толмағандардың мәселесі бойынша балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында тиісті шешімдер қабылданды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<