Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

231

0

Фото: Қала әкімдігі

Қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаевтың төрағалығымен Қызылорда қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссияның күн тәртібінде 3 мәселе қаралып, кәмелетке толмаған оқушылар арасында орын алған қылмыстар туралы, сондай-ақ балаларға қатысты білімі және тәрбиесімен айналыспаған ата-аналардың мәселелері талқыланды.​

Комиссия төрағасы Дархан Есалыұлы кәмелетке толмағандардың профилактикасын күшейту мақсатында сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<