Жастай берген тәрбие – жас шыбықты игендей

1045

0

Мемлекет басшысы 2022 жылды елімізде «Балалар жылы» деп жариялады. Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз. Олардың әл-ауқаты – мемлекетіміздің табысты болашағының сенімді кепілі».

Облыс көлемінде кәмелетке толмағандар жасайтын қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуда бала тәрбиесіне қатысты мүдделі құзырлы органдармен бірлесе отырып біршама жұмыстар атқарылды.

Кәмелетке толмағандар және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын-алу мақсатында биыл «Бала және отбасы», «Демалыс», «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел профилактикалық іс-шаралар, «Мен және менің полицейім», «Абайлаңыз балалар» атты акциялар өткізілді.

Облыстың оқу орындарында басқа құқық қорғау органдарымен бірлесіп 10 айда 5000-нан астам дәріс өткізілді. Олардың қатарында маскүнемдік, есірткіге құмарлық, уытқұмарлықтың зияны, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі, жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершілігі, кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық қолсұғылмаушылық пен қылмыстың алдын алу тақырыптары бар.

Тәртіп сақшылары барлығы 5891 құқық бұзушыны тіркеп, ішкі істер органдарына жеткізді. Оның ішінде әртүрлі құқықбұзушылық жасағаны үшін 5306 жасөспірім бар. Бейімдеу орталығына 293 кәмелетке толмаған бала жатқызылса, 24 жасөспірім қылмыс жасағаны үшін ұсталды.

Сондай-ақ, балалардың тәрбиесімен айналыспай, ата-аналық міндеттерін дәлелсіз себептермен орындамайтын 5 ата-ана сот шешімімен құқығынан айырылса, 4-і құқығынан шектелді және 2 кәмелетке толмаған жасөспірім облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернатына орналастырылды. Түнгі уақытта тұрғын жайдан тыс жерде жүрген 4663 кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдері, жасөспірімдердердің түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 180 кәсіпкер, кәмелеттік жасқа толмағандарға темекі бұйымдарын сату дерегі бойынш 21 және алкоголь өнімін сатқаны үшін 84 сатушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Әр рейд сайын ата-аналар мен жасөспірімдердің жауапкершілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<