Кәсіпкерге негізсіз кедергі келтірген

383

0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кәсіпкерлер облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы конкурстық комиссиясының шешімімен келіспейтіні туралы шағым түсірді.

Екі конкурс (Белкөл кентінде түнгі жарықтандыру бағаналары мен шамдарын  қамтамасыз ету, ал екіншісі Талсуат ауылдық округінде көшені жарықтандыру) бойынша Комиссия дұрыс емес мәліметтерді ұсынған компанияны негізсіз жеңімпаз деп таныған.

Департаментпен  іс зерделеніп, уәкілетті органдарға тиісті хаттар жолданды. Сонымен қатар, жауапты мекеме мамандарын шақыртып, «Antikor-орталығында» кездесу ұйымдастырылды.

Онда кәсіпкерлер мәселесі жан-жақты талқыланып, уәждері расталды.Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің актісі бойынша конкурс қорытындысы алынып тасталды. Кәсіпкерлердің шағымдары оң шешімін тауып, олар мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы болып танылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<