Кәсіпкерлер назарына!

574

0

2022 жылдың 1-15 желтоқсан аралығында кәсіпкерлерден «әлеуметтік кәсіпкерлік» мәртебесін алу жөнінде құжаттар қабылданады.

«Әлеуметтік кәсіпкерлік» мәртебесін 4 (төрт) санатта айқындалған халықтың әлеуметтік осал топтарының адамдарын жұмыспен қамтуға ықпал ететін және халықтың әлеуметтік осал топтарының азаматтарына арналған тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері ала алады.

4 (төрт) санаттың бірінің параметрлеріне сәйкес келген жағдайда, кәсіпкерлік субъектілері әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына өтінім бере алады.

Қосымша ақпарат алу үшін Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына жүгінуге болады.

Байланыс телефоны: 8 /7242/ 60 54 07

Өтініш нысанын және әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларын кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының сайтынан жүктеуге болады.