Аудан әкімі Ж.Еркінбектің тапсырмасына сәйкес аудандағы ірі сауда нысандарында сауда-саттық тәртібін сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында құрылған жұмысшы топ қызметтерін жалғастыруда.
Төтенше жағдайлар бөлімінің және аудандық полиция бөлімінің, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің, санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау басқармасының, мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлері 28 қаңтар күні аудан орталығындағы халық көп шоғырланатын ірі сауда нысандарын аралап, кәсіпкерлік нысан иелеріне сауда-саттық тәртібін сақтау, көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру кезінде қоғамдық тәртіптің қатаң сақталуын қамтамасыз ету, болуы ықтимал өрт қауіпсіздігінің алдын алу, заман талабына сай инженерлік-техникалық күзет жабдықтармен жарақтандыру, сауда орындарындағы санитарлық-гигиеналық тазалықтың қатаң сақталуы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<