Кәсіпкерлік мақсат үшін жер алғыңыз келсе …

748

0

Қазақстан Республи­ка­сы Жер кодексінің нормаларына сәйкес кәсіпкерлік мақсатта жерді рәсімдеудің 2 жолы көрсетілген.
Бірінші жолы – ҚР Жер кодексінің 48-бабында көр­сетілген ерекше жағ­дай­ларға сәйкес жер учас­кесін сауда-саттықсыз (аукционсыз) алу (аталған жағдайда инвес­ти­циялық жобаларды іске асыру үшін).

Ол үшін сіздің белгілі бір өндіріспен айналысу жө­ніндегі жобаңыз мемлекет тарапынан қолдау тауып, облыс әкімдігінің жанындағы Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінен инвестициялық жоба ретінде танылуы қажет.


Жобаны инвестициялық жоба деп тану мәселесі бо­йынша облыстық индустриялық-инновациялық даму басқар­масына тиісті өтінішпен жүгіну керек.
Жоғарыда аталған кеңес отырысында сіздің жобаңыз инвестициялық жоба ретінде мақұл­данғаннан кейін қажетті жер учаскесін сұрап, ҚР Жер заңнамаларына сәйкес рәсімдеу жөнінде әкімдікке өтінім жолдайсыз. Осы өтінім негізінде тиісті жер учаскесін рәсімдеу жұмыстары жүр­гізіледі.


Екінші жолы – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 31.03.2015 жылғы №290 бұйрығымен бекітілген Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурс­тарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес жер учаскесін сауда-саттық ар­қылы алу.

Бұл жағдайда жер учаскесі орналасқан жердегі жергілікті атқарушы органға қызығушылық танытқан жер учаскесіне қатысты өтініш білдіріп, сауда-саттыққа қаты­суыңыз қажет.


Сауда-саттық нәтижесімен жеңімпаз деп танылған жағ­дайда, жер учаскесін сол тұлғаға рәсімдеу бойынша шаралар атқарылатын болады.

Облыстық жер қатынастары басқармасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<