Кәсіпкерлік саласы бойынша кеңестер берілді

644

0

Бүгін облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Исатай Аңсат партияның облыстық филиалы алаңында қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында кәсіпкерлік нысанды ұлғайту, кәсіпкерлікті дамытудағы қолайлы бағдарламалар, әлеуметтік көмек көрсету сынды мәселелер қозғалды.

И.Аңсат кәсіпкерлік нысанды ұлғайту мәселесінде кәсіпкердің ынтасына қарай қолдап, мүмкіндігінше көмек көрсететінін жеткізді. Қосымша кәсіпкерлікті дамыту мақсатындағы тиімді бағдарламалар жайлы кеңес беріп, «Ауыл аманаты» жобасының мүмкіндіктері жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Әлеуметтік көмек көрсету бойынша басқарма басшысы алдағы уақытта әрбір аталған мәселені зерттеп, қосымша хабар беретінін жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<