Кәсіпкерлік субъектілерінің 49,2%-ы Қызылорда қаласының үлесінде

408

0

Фото: Қала әкімдігі

Баспасөз орталығында өткен брифингте қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Арын атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы баяндады.

– Бүгінде облыс бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 49,2%-ы Қызылорда қаласының үлесінде. Нақтыласақ, Қызылорда қаласы мен қалаға қарасты кент және ауылдық округтерде барлығы 32 064 кәсіпкерлік субъекті жұмыс жасауда. Бұл кәсіпкерлік субъектілерде 68 047 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Мемлекеттік бағдарламалар аясында да кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2023 жылдың өзінде қала бойынша 24,45 млрд. теңгені құрайтын 1 415 жоба қаржылай қолдау тапты, – деді Бауыржан Серікұлы.

Өнеркәсіп өнімдерінің өндірісі бойынша қаланың Қызылорда облысындағы үлесі 62,1% пайызды құрайды. Өткен жылы осы салада 636,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, құны 1.9 млрд. теңгені құрайтын 4 жаңа жоба іске асты, 130 жұмыс орны ашылды. Сауда саласының бағыты бойынша, қалада 2791 сауда объектілері жұмыс жүргізуде. Оның ішінде, әр түрлі бағыттағы өткізілетін тауарлар бойынша 11 базар, 110 сауда үйі, 2669 дүкен жұмыс жасайды. Сауда базарларын жаңғырту мен заманауи форматқа көшіру бағытында қала орталығында орналасқан «Сыбаға», «Сұлтан», «Асбол» базарлары басшылары және қала әкімдігі арасында жол картасы әзірленді. Соның негізінде 2023 жылы «Сұлтан» базарының ашық азық-түлік сататын аумағы 1064,7 ш/м жерге брусчатка төселіп, жоғарғы бөлігіндегі ескі жабындылар алынды. Сондай-ақ, 1802 ш/м құрайтын металлочерепица жабындысымен қапталды. «Сұлтан» базарына жапсарлас орналасқан «Саяжай» әлеуметтік сауда қатары толық жөндеуден өткізіліп, жалпы көлемі 182,1 ш/м құрайтын жоғарғы аумағына профнастильмен қапталып, суағарлар жаңартылды.

Дильназ Темірғали,

Қорқыт ата атындағы

Қызылорда университетінің

4-курс студенті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<