Кәсіпкерлікке серпін береді

724

0

Фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясында ел дамуына үлес қосатын кәсіпкерлердің «жаңа толқынын» қалыптастыру қажет екенін айтты. Оның бел ортасында таланты мен талабын ұштастыру арқылы табысқа жеткен бизнесмендер болуға тиіс.

Бұған дейін де кәсіпкерлікті қолдаудың түрлі іс-шарасы жүзеге асырылып келді. Енді саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға баса мән берілмек. Кешегі сөзінде Мемлекет басшысы осындай өзгерістер арқылы экономикалық саясатқа өзгеріс енгізіп, нақты мәселелермен айналысатын кез жеткендігін ашып айтты.

Кәсіпкерлерге ортақ мекеніміз Қазақстанның болашағын бірге құруға үндеген Мемлекет басшысы бұл жолда іскерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетініне кепіл болып отыр. Енді бюджеттен қаржыландырылатын ауқымды жобаларды ең алдымен отандық кәсіпкерлер жүзеге асыруға тиіс. Мұндай қолдау кәсіпкерлерді қанаттандыра түседі.

Биылдың өзінде Қызылорда облысында 250-ден астам жас пен 600-ден астам ауыл азаматы 2,5 пайызбен несие алады деп жос­парланып отыр. Ол үшін өңірге республикалық бюджеттен 4,3 млрд теңге бөлінді. Бұл ауыл тіршілігін жандандырып, салаға тың серпін береді.

Қай саладағы бастама да бір­ден жүзеге асып кете қоймасы бел­гі­лі. Осы орайда кәсіпкерлер де Мем­лекет басшысының шағын және орта биз­несті экономика мен еңбек на­ры­ғының қозғаушы күшіне айналдыру бастамасына үлес қосады деп сенеміз.

Пірмұхаммед СЫЗДЫҚОВ,

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының директоры

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<