Кәсіподақ қоғамдағы бірегей институт

1343

0

Жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы қарым-қатынасты реттеп, еңбеккерлердің мәселесін дау-дамайсыз шешуде кәсіподақ ұйымдарының рөлі зор. Биыл  аймақта кәсіподақ ұйымының құрылғанына 70 жыл. 10 қазан кәсіподақтар мерекесі қарсаңында ұйымның тарихына шолу жасап, өңірде атқарылып жатқан жұмыстармен таныстық.

Өткенге көз жүгіртсек, 1949 жылы Қазақстан кәсіподақтар ке­ңесінің ұсынысы бойынша ор­талық кеңес Қазақстанда 4 об­лыстық кәсіподақтар кеңесін қайта құруға рұқсат береді. Со­ның бірі Қызылорда облыстық кә­сіподақтар кеңесі болатын. Осы­ған сәйкес, 1950 жылдың 20-21 наурызында облыстық кәсіп­одақтар конференциясы өтіп, ке­ңес төрағалығына Мөрәлі Шә­менов сайланады. Алғашқы ке­ңесте 7 адам жұмыс атқарды. Сол кезде 33 мыңнан аса кәсіподақ мүшесі болып, бұл жалпы жұ­мысшылардың 68 процентін құ­райды. Құрамында 28 кәсіподақ ұйымы, 21 кәсіподақ тобы жұ­мыс атқарған. Ұйым жұмысы жыл өткен сайын өз жемісін көр­сетті әрі жауапкершіліктің жо­ғары екендігін аңғартты. Оған ме­ке­мелердің сенімі артты. Нәти­жесінде 1986 жылы облыстық кә­сіподақтар кеңесі бүкіл жұ­мыс­шы-қызметкерлердің 99,7 про­центін кәсіподақ мүшелігіне тар­тып, 3 мыңнан астам кәсіподақ топ­­та­рын, 840 цехтық ұйымды, 1530 кәсіподақ ұйымын және 50 қала, аудан кәсіподақ комитетін бірік­тірді.

Облыстық кәсіподаққа әр жыл­дары  Мөрәлі Шәменов, Қа­пан Шағиев, Райса Сейтқұлова, Аят­жан Бабаханов, Бимахан Мыр­зах­метов, Александра Шев­ченко, Марат Когут, Николай Подольских, Гүлжамал Рысмұха­медова, Қуанышбек Сәдібекұлы, Райкүл Байназарова, Сәуле Ілия­сова, Асхат Сүлейменов секілді білікті мамандар басшылық етті. Бүгінде облыстық кәсіподақтар орталығы болып  қайта құрылған ұйымға Серік Сермағамбетов төр­ағалық етуде.

Қазір орталық – өңірдегі еңбек­шілердің басын біріктірген ең ірі қоғамдық ұйым. Облыстық бір­лестіктің 11 салалық кәсіпода­ғында 1025 кәсіподақ ұйымы, 98 мыңнан аса кәсіподақ мүшесі бар.

– Жыл басынан бері 8535 жұмыскер кәсіподақ мүшесі болып қосылды. Бұл мақсатта облыста біршама жұмыстар жасалды. Бұ­рын кәсіподақ ұйымдарының жұ­мыс бағыты қоғамда қалыптасқан марапат, іс-шара ұйымдастыру, демалыс орындарға жолдама бе­ретін мекеме ретінде танылған болса, бүгінде өзге бағытта жұ­мыс істейді. Дегенмен, ең бас­тысы – жұмыскерлер мен жұ­мыс берушілер арасындағы әлеуметтік-ең­бек қатынастарды рет­теуші, келіссөздер жүргізуші, құ­қықтық көмекші ретіндегі қызмет. Ең­бек заңнамалары ұжымдық-ке­лі­сімдік қағидатқа сүйенеді, ең­бек жағдайында көптеген мә­се­­лелер келісіммен шешіледі. Сон­дықтан ұжымда кәсіподақ ұйымының болуы өте маңызды. Осыны түсінген жұмыскерлер де, жұмыс берушілер де кәсіподақ ұйымын құруға мүдделі болады. Статистикалық мәліметтерге сү­йенсек, облыс бойынша жұмыс күшінің саны – 348,1 мың адам, жұмыспен қамтылған халық саны – 331,4 мың адам. Кәсіп­одақ мүшелері қатарына әлі де 232 мыңнан астам жұмыскер тар­тылуы керек, – дейді облыстық кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төр­ағасы.

Бүгінде облыс әкімдігі мен Кәсіподақтар федерациясы ара­­сында ынтымақтастық тура­лы ме­­морандум жасалған. Соның шеңберінде қос тарап қан­дай­да бір мәселе туындаған жағ­дайда мекеме басшылығымен ті­ке­лей жұмыстар жүргізеді. Мы­салы, өткен жылы «СНПС-АйДан­Мұ­най» АҚ жұмыс­керлерінің жұ­мыс беруші­мен ұжымдық шарт жасасудағы келіспеушіліктер туын­дады. Екіжақты қойылған та­лаптар тыңдалып, дау ушықпай, компанияда тараптар келісімімен ұжымдық шартқа қол қойылды. Осылайша, ұжымдық шарт кә­сіподақтардың жұмысындағы ең маңызды құқықтық құрал екенін көрсетті. Осы ретте, бірлестік төрағасынан еңбек шартының ма­ңыздылығын ашып түсіндіруді сұрадық.

– Расымен,  ұжымдық шарт – жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасында жасалатын заңдық күші бар акт. Ұжымдық шартта еңбек заңнамасындағы талаптардан жо­­ғарылатылған талаптар, яғни жұ­мыскер үшін қажетті, қолай­лы жағдайлар жұмыс беруші­нің келісімін ала отырып, қарас­тырылады. Ұжымдық шарт  тек бастамамен жасалуы мүмкін. Кә­сіподақтар федерациясы Үкіметке осы мәселенің өзектілігін жет­кізіп, меншік түріне қара­мастан барлық ұйымдар мен кәсіп­орын­дарда ұжымдық шарттарды бекі­тудің міндеттілігін заңнама­лық тұрғыдан қарауды ұсын­ды. Биыл­ғы 2 қыркүйекте Кәсіподақ­тар федерациясының ХХVІ съезі өтті. Онда алдағы жылдарға арналған  жұмыс стратегиясы қабылданды. Стратегияда айқындалған бағытта біз осы әлеуметтік әріптестікті дамыта отырып, әлеуметтік-ең­бек мәселелерін көтеруді, оны ше­шуді жалғастыратын боламыз, – деді ол.

Жалпы, кәсіподақ ұйымы жет­пісжылдық тарихында маңыз­ды­лығын жоғалтпай, бұ­қара­лық сипат ала бастады. Бү­гінде бұл ұйым жұмыс беруші мен жұ­мысшы арасындағы талаптар­дың оңтайлы әрі дауды сотқа жет­кізбей, өзара ынтымақта,  екі тараптың ымыраластықта бо­­луын көздейтін қоғамдағы біре­гей институт екенін дәлелдей түскен­дей.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<