Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшысы Төреахмет Жолымбетов мәлімдеді. Өткен жылы еңбек құқықтарын қорғау бойынша 10 кәсіпорын қызметкерлеріне 297,8 млн.теңге жалақы қарызы төленді. Сондай-ақ, әр түрлі меншіктегі 192 мекеме мен кәсіпорындарға 19 тексеріс жүргізіліп, 385 заңбұзушылық анықталды. Басым көпшілігі – еңбек қатынастары мен еңбекті қорғау мәселесіне байланысты.
– Еңбек құқықтарын қорғау және жалақы берешегін өндіріп алу мақсатында жауапты мекемелермен бірлесіп апта сайын жұмыстар жасалады. Нәтижесінде облыс бойынша үш айдан аса жалақыдан қарызы бар мекеме тіркелген жоқ. Сондай-ақ, 2021 жылы облыста 82 жазатайым оқиға тіркеліп, оның 42-сі еңбек қызметімен тікелей байланысты екені анықталды. 107 кәсіпорынға еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша халықаралық стандарттар жүйесі енгізілді. Ал облыстағы ірі және орта шетелдік жұмыс күші тартылған кәсіпорындарда еңбек заңнамасының сақталуы ұдайы бақылауға алынған. Қазіргі таңда «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында қабылданған еңбек шарттары есебінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне қызметкерлердің еңбек шарттарын электронды түрде тіркеу жұмыстарын жүргізу қажеттігі кеңінен түсіндірілуде, – деді Төреахмет Жолымбетов.
Гүлбану МАҚАЖАН, «Сыр бойы»
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<