Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді

932

0

ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының жедел-іздестіру қызметі кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Мұрат Аманат және Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД №60 мекемесі кадр саясаты бөлімінің инспекторы әділет лейтенанты Айгерім Баймұрзаева қаладағы бірқатар мектептерге барып, кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді.

Атап айтқанда, Абылай хан атындағы №140 орта мектеп, Б.Момынбаев атындағы №278 IT мектеп-лицейі, А.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейінің түлектеріне академия жайлы, академияға түсу, құжат тапсыру жолдары туралы айтты.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында академияға оқуға қабылдау шарттары жайында түсіндіріп, бейне таныстырылымдарды ұсынып, арнайы бүктемелер таратты. Сонымен қатар, оқушалардың көкейтесті сауалдарына жауап беріп, академияда оқудың қыр-сырымен бөлісіп, түлектердің қызығушылығын арттырды. Сондай-ақ, мұндай іс-шаралар алдағы уақытта жалғасын табатынын жеткізді.

 Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<