ҚР 2015 жылғы 12 қарашадағы №392-V «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 14-бабында ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның құзыреті белгіленген. Онда тәуекелдерді басқару жүйесінің бірі болып айқындалған тәртіппен камералдық бақылауды жүзеге асыру көрсетілген.
Осыған орай, облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті өз жұмысын ҚР Заңында белгіленген өкілеттіктер шегінде жүзеге асыруда.
Заңмен бекітілген тәртіпке сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама ресімдейді. Бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде растайтын материалдармен қоса мемлекеттік аудит объектілеріне жолданады. Уәкілетті органның хабарламасы тапсырылған (алынған) бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит объектісі орындауға тиіс.
Жыл басынан бері алты айда облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан 24263 лот бойынша 200.0 млрд теңгеге камералдық бақылау жасалды. Нәтижесімен 703 лот бойынша 14,5 млрд теңгеге мемлекеттік сатып алу бойынша анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында тапсырыс берушілерге хабарламалар жолданды.
Мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптарын бұзуға алдын ала жол берілмеу шаралары қолданылды.
Бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның белгіленген мерзімде орындалмауы мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ, мемлекеттік аудит объектісінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын ҚР заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен тоқтата тұруға әкеп соғады.
Сол себепті мемлекеттік сатып алу бойынша тапсырыс берушілерге заңда белгіленген тәртіппен жұмыс жасау қажеттігін айтқымыз келеді.
Қайрат ҚАМЗАЕВ.
облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің
бас маманы, мемлекеттік аудитор.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<