Карантин талабын сақтамаған сатушыларға айыппұл салынды

452

0

Қазалыда эпипимеологиялық ахуал күрделі кезеңде қауіпсіздік шараларын сақтамаған сатышуларға айыппұл салынды.

Аудан әкімдігі жанынан құрылған мобильдік топ мүшелері арнайы рейд барысында Әйтеке би кенті орталығындағы сауда объектілерінде 2 сауда қызметкерінің келушілерге бетпердесіз, қолғапсыз қызмет көрсетіп жатқаны анықтаған. Осыған орай тиісті заңдылықтарға сәйкес аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы 30 айлық есептік көрсеткіші көлемінде айыппұл салды.

Айта кетейік, айыппұл салынған азаматтарға жеңілдіктер қарастырылған. Егер олар айыппұлды 1 апта ішінде төлейтін болса 50 пайыз жеңілдік бар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<