Карантиннің арқасында елде КВИ жұқтырудың тәуліктік тіркелу жағдайы 2,5 есе азайды -министр

508

0

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы карантин шараларының нәтижесі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір жаз. Көктемдегі қиын жағдайлардан кейін елдің шаршағанын бәріміз түсінеміз. Алайда маска режимін сақтау – аса қажетті шара. Халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, кеше ғана біз маска тағуға қатысты ережелерге тың өзгерістер енгіздік. Атап айтқанда бес жасқа дейінгі балаларға, жеке спорттық жаттығу жасап жүрген азаматтарға, жалпы тамақтанатын орындарда тамақ ішу барысында маска тағуға міндеттемеу туралы өзгеріс күшіне енді. Алайда бұл жағдайларда әлеуметтік қашықтық сақталуы керек», – деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, санитарлық талаптарды күшейтудің арқасында соңғы үш аптада елдегі барлық аймақта ауру жұқтыру жағдайы едәуір азайған. «Орташа есеппен елде ауру жұқтырудың тәуліктік тіркелу жағдайы екі жарым есе азайды», – деді ол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<