KASE: Доллар бағамы қайта көтерілді

698

0

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы сәл өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 10 қараша кешімен салыстырғанда 0,83 тиынға өскен. АҚШ долларының орташа бағамы 429, 36 теңге болды.

Ұлттық банктің 11 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 428, 51 теңге. Kurs.kz мәліметінше, бүгінде

Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 429,56 теңгеден сатылса, сатып алу – 431, 06 теңге.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 429,46 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 430, 58 теңге.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<