Қоғамда әйелдер барлық салада қызмет атқарады. Ал жеке кәсіп ашып, жұмысын жүргізіп отырғандары қаншама?!
Демек, нәзік жандылардың қоғамда рөлі артқан сайын, жауапкершілік салмағы да көбеюде. Ауыл әйелдері форумы осы сөзімнің дәлелі. Бұл жиын қатысушылардың барлығына келелі ой салды. Әсіресе, кәсібін енді бастағысы келетін әйел-аналарға үлкен ақпарат кеңістігі іспетті.
Үйдің тірлігімен айналысып, отбасы, ошаққасында жүрген аналар күйбең тірліктен бір сәт босап, жаңа мүмкіндік, даму, жетістікке жету сырларына қанықты. Өзім жеке кәсіпкер ретінде елімізде жүріп жатқан бағдарламалардың іске асуы, қайтарымсыз қаржы алудың жолдары турасында нақты ақпарат алдым.
Бұл ақпараттар кәсібімді әрі қарай жандандыруға өз септігін тигізбек. Сондықтан мұндай форумдар керек, әрі дер уақытында қолға алынған шара десем болады.
Шолпан Қалиева,
жеке кәсіпкер,
Жалағаш ауданы.
жеке кәсіпкер,
Жалағаш ауданы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<