Келелі ой, кесек пікір мінбері

545

0

      Қызылордадағы балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жанынан қоғамдық кеңес құрылды.

Мақсат – қызмет алушылар құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету, оның ішінде қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражаттың жұмсалуына қоғамдық бақылау жүргізу, қызмет сапасын арттыру. Құрамына қамқорлықтағы адамдардың туыстары мен жақындары, белсенді азаматтық ұстанымы бар азаматтар (мәслихат депутаттары, меценаттар, қайырымдылық ұйымдары, беделді салалық сарапшылар, әкімдіктер жанындағы қоғамдық кеңестердің мүшелері, ҮЕҰ өкілдері енді.

Қоғамдық кеңес мүшелері болып Талсуат ауылдық округінің әкімі Б.Қ.Нұрлыбаев, «Ерназар-Мақсұм» мешітінің бас имамы О.Т.Жидебаев, «Жылы жүрек» қайырымдылық қорының төрағасы С.Қ.Сиюов, орталық қызмет алушысы Ф.Жетпісбаевтың анасы Р.Жетпісбаева сайланды.

Кеңес мүшелері орталықта болып, қызмет алушыларға көрсетілетін қызмет түрлерімен танысып, орталық бүлдіршіндерінің денсаулығын нығайтуға және өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған жұмыстарына ат салысуға өз үлестерін қосатындықтарын білдірді.

Айгерім ШАЛБАЕВА,

орталық маманы