Келесі қысқы Азиада ойындары қайда өтетіні белгілі болды

3367

0

Фото: ашық дереккөз

IX қысқы Азиада ойындары қайда өтетіні анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Спортты дамыту дирекциясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Азия Олимпиада кеңесі IX қысқы Азиада ойындары 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында 7 ақпан мен 14 наурыз аралығында өтетінін хабарлады. Жарыстың ұраны: «қысқы армандар, Азия орталығындағы махаббат» (Dreams of Winter, Love among Asia).

Cондай-ақ байрақты бәсекенің бойтұмары мен эмблемасы да бекітілді. Айта кетейік, Харбинде осыған дейін 1996 жылы қысқы Азиада ойындары өткен. Қазақстан ұлттық құрамасы сол жылы 14 алтын, 9 күміс, 8 қола (барлығы 31) жүлдемен жалпы есепте жарыс қожайынынан кейінгі 2-сатыға жайғасқан еді.

1996 жылы Азия ойындарында қолданылған мұз сарайының бірнеше алаңы келесі жылы да пайдаланылмақ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<