Қазалы ауданы әкімдігінің қолдауымен жалғасын тауып келе жатқан “Жастар керуені” жобасы бүгін Аранды ауылдық округіне аялдады.
Қожабақы ауылындағы шара ең әуелі келіндер сайысынан бастау алды. Мұнда әр әулеттің 8 келіні өзара сайысқа түсті. Бұл үшін округ орталығына арнайы сегіз киіз үй тігілген.
Олар 8 түрлі ұлттық тағамдарын әзірлеп, арнайы ат басын бұрған қонақтарға дәмнен ауыз тигізді. Мұнан бөлек, 8 дәстүр бойынша бақ сынаған келіндер, ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты аналарының
батасын алды. Жеңімпаз атанған әулеттің келіні кешкілік гала концертте марапатталатын болады.
Қазалы ауданы әкімдігінің
баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<