Кемшілікке жол берген мектеп басшыларына шара көрілді

594

0

Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына және заң бұзушылыққа жол берген мектеп басшыларына қатысты жиын өтті.

Мәжіліске облыс әкімінің орынбасары М.Шермағанбет, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Е.Мақажанов, облыстық білім басқармасының басшысы А.Есжанов, Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғ.Дәулетова, Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Г.Есқалиева, Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Б.Пшанов, қалалық және аудандық білім бөлімі басшылары және ЗУМ арқылы білім бөлімі мамандары, мектеп директорлары мен есепшілері қатысты.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ернар Әбсейітұлы аталған іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, сот өндірісіне жолданғанын айтты.

Облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Темірбекұлы баяндама жасап, департамент басшылығының тапсырмасына сәйкес білім беру ұйымдары басшыларының қызметтік сәйкестігі мен жауапкершілігіне қарай 29 мектеп директорына тәртіптік шара көргенін, 7 мектеп директоры қызметінен босатылғанын жеткізді.

Ал Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Бауыржан Төлешұлы тексеру нәтижелері бойынша сөз сөйлеп, орын алған кемшіліктер мен заң бұзушылықтардың алдын алуды түсіндірді.

Айта кеткен жөн, облыстық білім басқармасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында арнайы іс-шара жоспарын әзірледі.

Бұл ретте қалалық және аудандық білім бөлімі басшылары өздеріне қарасты мекемелерге тоқсан сайын ішкі талдау жұмыстарын жүргізіп, анықталған бұзушылықтарды жауапты құзіретті органдарға ұсынуда.

Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Зинабдинұлы бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтіп, қаржыға қатысты барлық мәселелердің барлығы қатаң бақылауға алу қажеттігін тапсырды.

Қызылорда облысы білім басқармасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<