Кен орындарында күзгі-қысқы кезең апатсыз режимде өтуде

453

0

2020 жылғы 14 қаңтардағы ақпарат бойынша Қызылорда облысындағы «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның кен орындарында 2019-2020 жылдың күзгі-қысқы кезеңі апатсыз режимде өтуде.
2020 жылғы 14 қаңтардағы жедел ақпаратқа сәйкес:
– «Құмкөл» кен орнының газтурбиналық электр станциясында №2,4,5 ГТУ газтурбиналық қондырғылары жұмыс істеуде, №1 ГТУ резервте, №3 ГТУ жоспарлы жөндеуде, электр энергиясының сағаттық орташа тәуліктік өндірілуі 45,8 МВт құрайды және «Құмкөл» кен орнында электр энергиясының қажеттілігін 75%-ға жабады;
– «Арысқұм» кен орнының газ-поршенді электр станциясында №1,2,3,4 ГПУ қуаттылығы әрқайсысы 3,0 МВт болатын барлық газ-поршенді қондырғылары жұмыс істеуде, электр энергиясын өндіру 6,54 МВт құрайды және «Арысқұм» кен орнында электр энергиясының қажеттілігін 100%-ға жабады;  
– «Майбұлақ» кен орнының газ-поршенді электр станциясында қуаты 1,0 МВт болатын №1 ГПУ газ-поршенді қондырғысы жұмыс істеуде, №2 ГТУ резервте, электр энергиясын өндіру 0,17 МВт құрайды, «Майбұлақ» кен орнындағы дизельді электр станцияларымен бірлесіп, электр энергиясын қажеттілікті 100%-ға  жабады;
– «Оңтүстік-Шығыс Қызылмия» кен орнының газ-поршенді электр станциясында №1,2,3,4  ГПУ газ-поршенді қондырғылары жұмысында электр энергиясын өндіру 0,63 МВт құрайды және кен орнындағы дизельді электр станцияларымен бірлесе отырып электр энергиясын қажеттілікті 100%-ға жабады.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті электр станциялары белгіленген режимде тұрақты және сенімді жұмыс істеуде – деп хабарлайды.

Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің 
облыс бойынша аумақтық департаменті» ММ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<