Кеңейтілген алқа отырысы өтті

143

0

Фото: облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

Бүгін Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Шахмардан Баймановтың төрағалығымен Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының 2024 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша кеңейтілген Алқа отырысы өтті.

Жиынға салалық жетекшілік жасайтын аудан әкімдерінің орынбасарлары, қала және аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімдерінің басшылары, спорт мектептерінің директорлары, спортшылар мен жаттықтырушылар және БАҚ өкілдері қатысты.

Алқа отырысында спорт саласын дамыту, спорт мектептері мен федерациялардың жұмысын жүйелеу, ұзақ мерзімде қызмет атқарған мектеп директорларын ротациялау сынды бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.Жиын барысында облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Ғарифоллаұлы 2024 жылы Сыр спортының жетістіктерін атап өтіп, түйіні тарқалмаған мәселелерді тілге тиек етті.

Сонымен қатар, басқарма басшысының орынбасары Жігер Оңдасынұлы спорт ұйымдары мен жаттықтырушылардың негізгі көрсеткіштеріне тоқталып өтті.

Алқа отырысындағы негізгі мәселелерге байланысты жиын қатысушыларының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, нақты міндеттер айқындалды.

Жиын соңында осы жылы үздік нәтиже көрсеткен аудандық спорт бөлімдері мен спорт мектептері, жаттықтырушылар және спортшылар марапатталды.

Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<