Кеңейтілген алқа отырысы өтті

935

0

Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Күн тәртібінде министрліктің 2021 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы мен 2022 жылға қойылған міндеттері талқыланды.Жиынға облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова мен орынбасарлар және бөлім басшылары тікелей эфир арқылы қатысты. Кеңейтілген алқа отырысында білім беру ұйымдарының жұмыстары және қазақ тілін дамыту, балалар жылына орай атқарылатын жұмыстар мен балалардың құқығы мәселелері бойынша сала мамандары баяндама жасап, сондай-ақ басқа да білім саласына қатысты реформалар атап өтілді.Онлайн форматта өткізілген жиында Асхат Аймағамбетов пен вице-министрлер баяндама жасап, өткен жылғы білім беру саласында және оның барлық деңгейінде болған сапалы өзгерістер мен министрлік жұмысының қорытындысы туралы баяндады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<