Бүгін облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет Қармақшы, Жалағаш аудандарындағы іссапары аясында басқарманың көшпелі кеңейтілген мәжіліс отырыстарын өткізді.
Жиынға білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалия Дәулетова, білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Гүлнар Есқалиева, білім басқармасы мен білім бөлімдерінің мамандары және аудандардағы білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.
Мәжіліс отырысында аудандардың білім сапасы мен атқарылған жұмыстардың нәтижесі, пәндік олимпиада мен ғылыми жобалар көрсеткіші, педагогикалық кадрлардың сапалық құрамы және балалардың әлеуметтік қорғалуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар қаралды.
Сонымен қатар білім саласының қаржыландыруы, қаржылық тәртібінің сақталуы мен мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдылық талаптардың орындалуы талқыланды.
Жиында аудандық білім бөлімдерінің басшылары жыл көлемінде атқарылған жұмыстар шеңберінде баяндама жасап, алдағы міндеттерге қатысты есеп берді. Мұнан соң облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Нұрлан Дәулеталиев қос аудандық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының жалпы көрсеткіштері туралы мәлімдеді. Сондай-ақ, жиынға арнайы қатысқан Ғалия Ноғайқызы мен Гүлнар Бабабекқызы білім саласы қызметкерлерінің құқықтары мен әдеп қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету бойынша мәлімдеме жасады.Келелі кеңесте басқарма басшысы алда тұрған бірқатар басым мәселелерді атап өтті. Ең алдымен, мемлекеттік балабақшалардағы бос орындарды толықтыруды айтып, ондағы тәрбиешілердің біліктілігін үнемі жетілдіріп отыру қажеттігін, мектептерде кәсіптік бағдар беру бойынша жұмыстарды жандандырып, бос жұмыс орындарына педагогтерді конкурс арқылы ғана қабылдау керектігін баса айтты.
Сондай-ақ, бос жұмыс орындарына педагогтерді конкурс арқылы ғана қабылдауды, инклюзивті білім беруді дамытып, мектеп асханаларындағы тағамдарды күнделікті мониторинг жасауды тапсырды. Сондай-ақ, инклюзивті білім беруді дамытып, мектеп асханаларындағы тағамдарды күнделікті мониторинг жасауды тапсырды.
Қызылорда облысының білім
басқармасының баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<