Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл

485

0

Фото: Қазалы ауданының әкімдігі

Бүгін Қазалыда Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 35 жыл толуына орай мәдени шара ұйымдастырылды.

Алдымен шараға қатысушы қонақтар «Тағзым» алаңындағы Ауған соғысы құрбандарына қойылған белгіге гүл шоқтарын қойып, құран бағыштап, құрбан болған майдангерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Салтанатты шарада аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш ерлік пен елдік сынға түскен сәтте Отан алдындағы әскери антына адалдық танытқан жауынгерлердің орны ерекше екенін, олардың ерлікке толы өмір жолдары жас ұрпаққа үлгі екенін айтты.

Шара барысында бірқатар ардагерлер мен білім беру ұйымдарының алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушылары «Кеңес Әскерлерінің Шектелген Контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Шығарылғанына 35 Жыл» естелік төсбелгісімен және «Үздік әскери оқытушы», «Абыройлы әскери жетекші», «Жауынгерлік бауырластық» сынды медалдармен марапатталды.

Марапаттау рәсімінен кейін «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер одағы «Ардагер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Айдар Әлиев сөз сөйлеп, көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдірді.

Мәдени шара соңы Әйтеке би кенттік мәдениет Үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<