Кеңес мүшелерімен кездесті

873

0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жаңадан сайланған өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің мүшелерімен кездесіп, осы саладағы ортақ мәселелерді талқылады деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

– Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің үшінші сайлауында 8000-нан аса сайлаушы-кә­сіпкер Сіздерге дауыс бе­ріп, таңдау жасады. Элек­то­ралды кампания кезінде өз­деріңіздің жоғары кәсіби дең­гейлеріңізді көрсету арқылы жеңіске жет­тіңіздер. Бүгінгі кү­ні кә­сіп­керлік саласын да­мыту ба­ғытында облыс әкім­ді­гі өңір­лік кәсіпкерлер пала­та­сы­мен тығыз байланыста жұ­мыс жасауда. Сол себеп­тен бүгінгі кездесуді ұйымдас­ты­рып отыр­мын, – деді облыс әкімі.

Кездесуде облыс басшысы бизнес қауымдастық өкілде­рінің өзекті мәселелерінің ше­шілуіне және кәсіпкерлерге қолдау көрсету бағытында тұ­рақты көмектің бар екенін атап өтті. Сонымен бірге шағын және орта бизнес иелерінің жобалары қолдау табатынын жеткізді.

– «Қызылорда» өңірлік ин­вестициялық орталығы ауыл­дық елді мекен кәсіпкер­лері­нің жобаларын жеңілдікпен несиелендіруде үлкен сұра­нысқа ие микроқаржы ұйымы болып отыр. Оның қызметі қолда­ныстағы заңнамаларға сәйкес 2020 жылдың 31 қа­занына де­йін шектелген бо­латын. Де­генмен, біз Орталық қыз­метін 2025 жылдың 31 жел­тоқсанына дейін ұзарттық. Жо­баны қаржыландыру үшін әртүрлі қаржы көздерінен 1,2 млрд теңге қаржы тартылды. Осыған орай Қызылорда облы­сының 2023 жылға дейінгі экономикалық даму жоспарын жасадық, – деді облыс әкімі.

Кеңес мүшелерімен кезде­суде сондай-ақ карантин уақы­тында бизнес субъектіле­рінің 75 процентінің жұмысы уақытша тоқтағаны ескеріліп, кәсіп иелеріне тұрақты қолдау болғаны айтылды.

Мәселен, төтенше кезең уақытында өңірде 51 мыңнан аса шағын және орта бизнес субъектісіне салықтық же­ңілдіктер берілген. 8 мыңға жуық кәсіпкердің несие тө­лемдері кейінге шегеріліп, сауда нысандары 700,0 млн тең­геге жалға алу төлем­де­рінен босатылды. Мұнан бө­лек, «Бизнестің жол кар­тасы-2025» бағдарламасын іске асыруға бөлінген қаржы 1,7 млрд теңгеден 2,9 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.

Карантиннен кейін кәсіп­керлер бизнесін әртараптан­дыруға көшті. Аймақта тоқ­тап тұрған тойханалардың қыз­метін өндіріске бағыттау жұ­мыстары да жүргізілуде. Бү­гінгі күннің өзінде 9 тойхана өз қызметін басқа салаға ауыстыруға дайын.

Басқосуда кеңес мүшесі, «K-GroupLTD ЖШС ди­рек­торы Қайрат Боранбаев пен кәсіпкер Айткүл Әбдіқадырова сөз алып, кәсіпкерлікке бағыт­талған гранттар мен өндіріс орындарын ашу мәселесін сөз етті. Сондай-ақ, кәсіпкер Ма­нарбек Еспенбетов құрылыс саласының мамандарын даяр­лауда жас мамандарды тәжі­рибе алаңына тарту мәселесін көтерді.

Өз кезегінде аймақ бас­шысы жаңа өндіріс нысан­да­рын ашу арқылы бағыттас шағын өндірістер құрып, тұ­рақты жұмыс көздерін та­уып, кәсіпкерлерді оқыту мәсе­лелеріне жете мән беру қа­жеттігін қаперге салды. Со­нымен қатар осы кезге дейін өңірлік кеңес төрағасы қызметін атқарған, пандемия кезеңінде халық қажеттілігіне орай қызмет көрсеткен кә­сіпкер Дінмұхамед Абизовқа «Халық алғысы» медалін та­быстады.

Жиын соңында облыс әкімі биылғы жылы 26 млрд теңгені құрайтын 108 жобаны іске асыру арқылы өңірде 2000-ға жуық жаңа жұмыс орны құрылып, кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасалатынын атап өтті.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<