Кеусен себеттері таратылды

548

0

Бүгін Қармақшы ауданы әкімінің бастамасына сәйкес аудандағы 100 отбасына ауыл шаруашылығы саласы жетекшілерінің демеушілігімен кеусен себеттері таратылды.

Игі бастамаға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Ерқосаев Жұлдызхан Байназарұлы аудан басшысының бастамасына өз үлестерін қосқан барша ауыл инвесторларына ризашылығын білдірді.

Кеусен – егіннен мол өнім алған ауыл шаруаларының елдегі ағайынға өзінен артылғанын бөліп беру мырзалығы, егінді серік еткен диқан қауымының дәстүрлі салты.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<