Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатовтың кезекті тұрғындармен кездесу жиыны Майлытоғай ауылдық округінде жалғасты.
Жиында аудан басшысы ауданда атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасап, алда тұрған міндеттерді атап өтті. Кездесуде қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі ауылдық округтегі ауыз су мұнарасының ескіруі айтылды.
Аталған мәселе бойынша 2024 жылы су жинайтын резервуар мен жаңа мұнараны ел игілігіне беру көзделіп отыр.
Сонымен қатар, ауылдағы Бірлік, Бәйгетөбе көшелері жолын асфалттау бағытында жақын арада тиісті жұмыстар атқарылмақ.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<