VIII шақырылымдағы Қармақшы аудандық мәслихатының кезектен тыс 15-сессиясы өтті.
Сессияның күн тәртібінде 13 мәселе қаралды. Мәселелер бойынша баяндамашылар сөз сөйлеп, туындаған сұрақтарға жауап берді. Күн тәртібіне шығарылған 13 мәселенің барлығы жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.
Сондай-ақ, сессия алдында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы ұйымдастырылған болатын.
Сессия отырысы тікелей эфирде аудандық мәслихаттың Facebook парақшасында көрсетілді.
Ⓒ Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<