Бүгін аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұловтың төрағалығымен мәжіліс өткізілді.Мәжілісте бірқатар мәселе қаралды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жұмыстарының барысы туралы және аудан бойынша қызылша ауруының алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабарламашылардың баяндамалары тындалды.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне сақтандырылмаған азаматтарды тарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп, ақпараттық жұмыстарды кеңінен насихаттау жөнінде тапсырмалар берілді.
Әскерге шақыру және әскери есепке қоюға байланысты аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы баяндама жасап, атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары әлеуметтік желілермен белсенді жұмыс жасау қажет екендігі туралы айтты. Әлеуметтік желілерде көтерілген мәселелерді дер кезінде шешу бағытында тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.
Аудан әкімінің орынбасары мәжілістің күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеп, жиынды қорытындылады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<