Кезектілік тәртібімен жеке қабылдау өтті

162

0

Фото: Жалағаш ауданының әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов кезектілікке сәйкес тұрғындардың жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауда тұрғындар тарапынан тұрақты жұмысқа орналасу және Жалағаш кенті ішіндегі қоғамдық көлік санын арттыру мәселелері қозғалды.

Қабылдауда көтерілген жеке мәселелерге заңға сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сала басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

Тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы тіркеле алады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<