Күңгірт режим смартфон қуатын үнемдей ме?

511

0

Күңгірт режим смартфон қуатын үнемдей ме? Смартфон интерфейсіндегі күңгірт режим түрлі бағдарламаларға еніп жатыр. Себебі қолданушылар құрылғы қуатын үнемдеу үшін фонға қара түсті суреттер қоюға тырысады. Смартфон дисплейіндегі күңгірт фон расымен қуат үнемдей ала ма?
Иә, бірақ барлығы емес. Мобильді гаджеттердің дисплейі екі түрлі болады: LCD (сұйықкристалды) және OLED (органикалық жарықдиод). Күңгірт режимдер тек OLED-экраны бар құрылғылардың қуатын үнемдейді. OLED органикалық жарықдиод экрандарындағы пиксель торы мен көмескі жарық бір элементке біріктірілген. Әр пиксель өзінің жеке түсін көрсетеді.
Оның артықшылығы – жарық контрасты сапалы және түстер барынша тұнық болады. Бірақ ең бастысы – OLED-дисплейлер қуатты үнемдей алады. OLED-дисплейдегі пиксельге қара түсті көрсету керек болса, ол өшіп, қуат жұмсамайды. Яғни өшкен күйі қара түстің қызметін атқара береді.  Ал сұйықкристалды экраны (LED-LCD) бар құрылғылар суреттің жарық-күңгірттігіне қарамай энергияны ұдайы тұтынып отырады.  Сондықтан егер OLED, AMOLED, Super AMOLED немесе P-OLED экраны бар смартфондар интерфейсінің фонына күңгірт суреттер қойып, бағдарламаларда түнгі режимдер қолданылса, қуатты біршама үнемдеуге болады.

Дереккөз: massaget.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<