Киберспорттан Қызылорда облысы командасы үздіктер қатарында

468

0

Компьютерлік ойындар ойын-сауыққа арналған және бәсекелестікте өз қабілеттерін көрсеткісі келетін геймерлерге арналған деп екі түрге бөлінеді. Қазақстанда 2018 жылдан бастап киберспорт ресми спорт түрі болып танылды. Киберспорттың жыл сайын танымалдылығы артып келеді.

Киберспортта, әдеттегі спорт сияқты, жеке жаттығу жабдықтарыңыз болуы керек (мысалы, қуатты компьютер және барлық қажетті компоненттер) және шапшаң жылдамдық, ақыл мен саусақтардың автоматтандырылған реакциясы сияқты дағдыларды үнемі шыңдап отыру қажет. Стресске төзімділік және командада жұмыс істеу сияқты дағдылар маңызды болып табылады.

Қызылорда облысы әлемдік үрдістен қалыс қалмай, осы бағытты да дамытып келеді. Киберспортты дамытуға сол жағалауда орналасқан Жастар ресурстық орталығындағы IT парк резиденттері ерекше көңіл бөлуде. Жыл басында аралығында «AVALON-Lankor» киберспорттық жобасының CS:GO 5х5 форматы бойынша IT парк орталығында алғашқы киберспорт турниры өткізілді. Турнирге 240-тан астам адам тіркеліп, құрамы 5 адамнан тұратын 16 команда іріктелді.

Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Аталған жобаның 2-ші маусымы жаз айында аралығында 80 адамның қатысуымен өткізілді. Бұл маусымға 5 адамнан тұратын 16 команда қатысып, жеңімпаздарға грамоталар, медальдар, атаулы футболкалар және ақшалай сыйлықтар табысталды.

Сонымен қатар, қазан айында орталық резиденттері «Portal eSports» командасы Gorilla Esports Season 3CS:GO (Amateur Division) турниріне қатысқан болатын. Оған біздің елден бөлек Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан ойыншылары шақыртылды. Қызылорда облысының командасы 154 команданың ішінен 16 үздік команданың қатарына енді. Бұл өңір тарихындағы ірі турнирдің плей-офф кезеңіне өткен алғашқы команда болды.
Облыс орталығындағы IT парк киберспортты қолдауды және киберспорттық жарыстарды ұйымдастыруды жалғастыра бермек.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<