«Киелі мекен» апталығы аясында қазалылық мәдениет қызметкерлері тазалық жұмыстарын жүргізді

455

0

Фото: Қазалы ауданы

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында аудандағы барлық тарихи-мәдени ескерткіштеріне абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады.

Бүгін осыған орай Әйтеке би кенттік Мәдениет үйінің қызметкерлері «Жеңіс» саябағындағы тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағына тазалық жұмыстары жасады.

Тазалық жұмыстары барысында мәдени ескерткіштердің аумағын ретке келтіру, ақтау-сырлау, абаттандыру, күл-қоқыстан тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілді.

Барша аудан тұрғындарын республикалық акция аясында өтіп жатқан «Киелі мекен» апталығына белсене атсалысуға шақырамыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<