«Киік» кең ауқымды табиғат қорғау акциясы

136

0

Қызылорда облысының аумағына қыс мезгілінде ауа температурасы төмендеп, қатты аяз болған уақыттарда киіктердің жаппай өріс аударады. Облыс аумағы киік жануарларының мекен ету ортасы болып табылады. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігімен Ішкі істер министрлігі және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірлескен бұйрығына сәйкес «Киік» кең ауқымды акциясын өткізу мақсатында 2024 жылдың көктем, қыс мезгілдерінде өткізілетін бірлескен іс-шара жоспары (бұдан әрі – жоспар) бекітілген.

Қыс кезінде «Киік» кең ауқымды табиғат қорғау акциясын өткізу 2024 жылғы 1-31 желтоқсан аралығында жоспарланған.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 337-бабында заңсыз аңшылыққа қатысты және 339-бабтың 1-1-тармағында киікті заңсыз қолға түсіру, жою, сол сияқты заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау әрекеттеріне қылмыстық жауапкершілік көзделген. Алайда, осындай жауапкершіліктерге қарамастан ақбөкен жануарларына қатысты қылмыстық істер 2024 жылдың өткен мерзімінде де тіркелген.

Сонымен қатар, Халықаралық табиғат қорғау одағы киіктің Халықаралық Қызыл тізімдегі «Жойылу алдында тұрған» санатынан «Қауіп төнуге жақын» санатына ауысатынын жариялаған. Оған еліміздегі киік санының өсуі себеп болған екен. 2024 жылы жүргізілген әуе санағы деректеріне сәйкес Қазақстандағы киіктердің саны 2 833 600 болған. Атап айтқанда Орал популяциясының саны – 1 620 000, Бетпақдала – 1 150 000, Үстірт – 63 600 құраған.

Табиғат байлықтарымызды қорғауға шақырамын.    

Рақымжан Бурабаев

«Қызылорда облыстық орман

шаруашылығы және жануарлар дүниесі

аумақтық инспекциясы» РММ-нің бөлім

басшысы  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<