Кіші турнирдің іріктеу кезеңі басталды

339

0

Бүгін жастардың бос уақытын тиімді өткізу, салауатты өмір салтына баулу, бұқаралық спортты дамыту мақсатында Қызылорда қалалық пробация қызметі есебінде тұрған жастар арасында кіші футболдан қалалық іріктеу турнирі өтті.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мекемесіне қарасты спорт алаңында өткен турнирдің іріктеу кезеңіне 20-ға жуық жас қатысып, топтық негізде өзара сынға түсті. Сайыс қорытындысымен, жүлделі I орынды «Достар» командасы иеленсе, II орын «Ақсуат» командасына, III орын «Аслан» командаларына бұйырды. Турнир жеңімпаздарына арнайы алғыс хат пен медаль табысталды.

Сайыстың Іріктеу кезеңінің жеңімпазы атанған «Достар» командасы облыстық кезеңге жолдама алды. Облыстық кезеңде барлық аудан, қалалық іріктеуден өткен командалар жеңіс кубогы мен қаржылай сыйлыққа таласқа түсетін болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<