Кішкентай өмір, үлкен жеңіс

2004

0

Фото: Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Ағымдағы жылдың 2 тамызы күні Қазалы аудандық ауруханасында жедел хирургиялық араласуды қажет ететін туа бітті ақауымен нәресте дүниеге келген болатын.

Аудандық аурухана дәрігерлері мен облыстық перинаталдық орталығының неонаталды хирург дәрігерлерінің үйлесімді жұмысының және медициналық авиациямен жедел эвакуациялаудың нәтижесінде сәби Қызылорда қаласының облыстық перинаталдық орталығына жеткізілiп, неонатальды хирургия бөлімшесінің тәжірибелі мамандары анальды атрезия диагнозына күрделі операция жасады. Бүгінде баланың жағдайы түзелуде.

Айта кетейік, неонатальды хирургия бөлімі облыстық перинаталдық орталығына көпбейінді облыстық балалар ауруханасынан 3 шілде күні көшірілген болатын. Бөлімшеде жыл басынан бері 69 нәресте ем алса, 55 балаға ота жасалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<