Кітап құрттары «Жер күнін» атап өтті

456

0

Қызылордада «Жер күні» атап өтілді
«Кітап құрттары» Қызылорда кітап әуесқойлары клубы АҚШ-тың Қазақстандағы консулдығымен бірлесіп «Халықаралық жер күніне»арналған іс-шара өткізді.

Іс-шара аясында «Бесінші элемент» фильмі ағылшын тілінде қаралды, онда адам қалған 4 элементке әсер ететін бесінші және негізгі элемент ретінде бейнеленген.

Фильмді көргеннен кейін экология және қоршаған ортаға әсері туралы кітаптар мен фильмдер талқыланды. Сондай-ақ кездесуде экоактивист, хронобиология бойынша сарапшы Болат Нұрхожаев сөз сөйледі.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар әр адам табиғатты қорғауға және экологиялық жағдайды жақсартуға үлес қоса алады деген қорытындыға келді.

Айта кетейік, осы сенбіде Журба, 63 мекенжайындағы «Орта» зияткерлік демалыс орталығының ғимаратында кітап алмасу және кинотайм өтеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<